Среда, 20.08.2025, 03:23 Приветствую Вас Гость |
|
КҮЙ ҮЙРЕНУ
Жұмыр қылыш
[ Скачать с сервера (1.33 Mb)
]
| 27.04.2013, 18:28 |
1838 жылы Исатай өлгеннен кейін жалғыз қалған Махамбет тағы да күш жинап, ханнан кегін алу үшін Жайық бойындағы Байбақты еліне барады. Байбақтының Жұмыр (шын аты Садыр) және Қылыш деген батырларымен кездесіп, жолдас болады. Махамбеттің «Жұмыр, Қылыш» күйі сол кезеңде шыққан. Осылай жасырын жүрген Махамбет, жанында Жұмыр мен Қылыш бар, Байбақты елінің бір аулында төрелермен отырған Баймағамбет Айшуақовтың үстінен шығады. Міне, осы жерде Махамбет пен Баймағамбет сұлтан бірінші рет кездеседі. Баймағамбет Махамбетті ұстауға әрекет жасайды. Ал Махамбеттің жанындағы Жұмыр, Қылыш батырлар Махамбетті арашалап, ұстатпай топтан шығарып аман әкетеді. Осы оқиғаға байланысты Махамбет жанына ерген жігіттерге разы болып, «Жұмыр, Қылыш» атты күй шығарыпты.
|
Категория: қиын күйлер | Добавил: adil
|
Просмотров: 3175 | Загрузок: 296
| Комментарии: 2
| Рейтинг: 10.0/10 |
|
|
|